Malim.kz
Құқық

Ақтөбеде қоқыс арасынан табылған мәйіт: күдікті ұсталды

Айбын Атабай
pixabay.com

Ақтөбе қаласында 12 наурыз күні аулалардың біріндегі қоқыс контейнерінен табылған ер адамның өліміне күдікті адам ұсталды деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.  

Облыстық Полиция департаменті ресми түрде оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жедел түрде жүргізіп, нәтижесінде кісі өлтірді деген күдікпен азамат анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші арасында спирттік ішімдіктерді бірге ішу барысында жанжал туындап, оның барысында күдікті жәбірленушіге бірнеше рет пышақ жарақатын салған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары