Үкімет резервінен Ақтөбеде салынатын жаңа стадион құрылысының алғашқы кезеңіне 6,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Malim.kz.
Shyndyk.kz мәліметінше, жаңа арена қаланың батыс бөлігінде бой көтереді. Стадион 35 мың көрерменге арналған. Құрылыс жұмыстарын 2028 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланып отыр.
Жобаға сәйкес, нысан УЕФА-ның төртінші санат талаптарына сай болады. Бұл стадионда халықаралық деңгейдегі футбол матчтарын және басқа да ірі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.