Malim.kz
Оқиға

Ақтөбеде жанар-жағармай сорғы стансасы өртенді

Айбын Атабай
Фото: ТЖМ

Ақтөбеде жанар-жағармай айдайтын сорғы стансасы отқа оранды. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтауға кіріскенше тілсіз жау 126 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 19 тамыз Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы 41-разъезде болған.

“ЖШС аумағында жанар-жағармай материалдарын айдауға арналған жеке тұрған бір қабатты сорғы станциясының ғимаратында өрт шықты. Өрт аумағы 126 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті жедел сөндірді”, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары