Оқиға кеше Ақтөбе қаласында болды. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама түсіп, оқиға орнына құтқарушылар барды. Үй ішінен үш адамның мәйіті табылды.
— Қазіргі уақытта облыстық полиция департаментінің қызметкерлері барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдемге шақырту түскен. Алайда үш адам да ақ халаттылар барғанша мерт болған.
Айта кетейік, «Ақтөбе» ФК-ның ресми хабарлауынша, қайтыс болған футболшы — Арон Мұса. Онымен бірге әжесі мен немере ағасы да көз жұмды. 15 жастағы Арон «Ақтөбе U — 16» командасында ойнады.
Фото: dzen.ru