Malim.kz
Оқиға

Ақтөбеде зейнеткер алаяқтарға алданып, далада қалды

Арман Қайыпхан
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде 68 жастағы зейнеткер алаяқтық құрбаны болды, нәтижесінде ол өз үйінен айырылып, қарттар үйіне орналастырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға туралы туысы айтты: әйел жалғыз тұрған, күйеуі мен ұлы қайтыс болған. Төрт жыл бұрын алаяқтар оның атына 2 миллион теңге несие рәсімдеген, ал банк бұл ақшаны зейнетақысынан ұстап отырған. Несиені жабу үшін әйел үйін сатуға мәжбүр болған.

Қалған ақшасына зейнеткер ескі бір бөлмелі пәтер сатып алған, бірақ өткен жылдың тамызында тағы алаяқтардың құрбанына айналған. Оларды қорқытып, телефоны тыңдалып жатыр деп сендірген, құқық қорғау органдарына жүгінуге тыйым салған. Қысым нәтижесінде әйел өз пәтерін сатқан және түскен ақшаны алаяқтарға беріп қойған.

Қазіргі таңда әйел қарттар үйінде тұруда, ал алаяқтық бойынша тоғыз адам сотталған. Сот шешімі бойынша 2 миллион теңге өндіріп алу белгіленген, бірақ ақша әлі қайтарылмаған. Ақтөбе облыстық полициясы қылмыстың әлі ашылмағанын және тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

Бұған дейін Павлодарлық тұрғын интернеттегі танысына сеніп 6 млн теңгесінен айырылған болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары