Malim.kz
Оқиға

Ақтөбедегі ауылдардың суға кетуіне кінәлі басшы сотталды

• Сабина Асқарқызы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының прокуратурасы «Мағаджан» плотинасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания болып табылатын ЖШС-нің директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шаралар қабылдамаған.

2024 жылы 4 сәуірде бөгет жарылып нәтижесінде Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдарын су шайып, азаматтардың мүліктері мен инфрақұрылымға зиян келтірілген.

Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК-нің 254-бабымен (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге тыйым салумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары