Malim.kz
Шоу-бизнес

"Арақ ішіп отырған. Басына секірген. Қолы сынған" – Жан Ахмадиев бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Alash.kz коллажы

Белгілі блогер және қоғам белсендісі Жан Ахмадиев көпшіліктің назарын аудартқан Мұқасан Шахзадаевқа қатысты жағдайдың нақты қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жан Ахмадиев бұл туралы Qazaq Airan YouTube арнасына берген сұхбатында толығырақ баяндады.

"Маған сол күні Нұрлан аға хабарласты. "Жан, Мұқасан ағаң Ғалымжанды тепкілеп тастады. Барсаң, өзі айтып береді" деді. Ғалымжан №12 ауруханада жүр екен. Оның айтуы бойынша әңгіменің бәрі әннен басталған. "Қос қарлығаш" деген ән бар ғой. Қазір "Нұр-Мұқасан" болып, Нұрлан аға мен Ғалымжан шығып жүр. "Сендер неге менің рұқсатымсыз орындайсыңдар! Анау-мынау…" деп әңгіме айтқан. Айта кету керек. Мұқасан мырза қасында екі жігіт бар. Ғалымжан оларды "күшіктер" деді ғой. Ішімдік, арақ ішіп отырған көрінеді. Содан әңгіме айта бастаған. Ғалымжан бұрыннан осы "Нұр-Мұқасан" тобында админстратор болған екен. Содан, "қаласаңыздар, қосылғандарыңыз, маған да жақсы" деп айттым дейді. Бұл – Ғалымжанның айтқандары. "Мұқасан аға кішкене қуа бастады" деді. "Мұқасан аға, әңгімеміз жараспай бара жатыр. Мен қайтайын" деп далаға шығып бара жатқанда жабылып ұрған. "Есімнен танып қалыппын" дейді. Басына секірген. Қолын сындырған. Қазір ауруханада жатыр. Ота жасалды", – деді Жан Ахмадиев.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары