Malim.kz
Спорт

Аргентиналықтар Мессидің Президент болғанын қалайды

Malim Админ

Месси Президент сайлауына қатысса қолдайсыз ба?  Осы сауалнамаға қатысушылардың жартысына жуығы   Мессиге   дауыс беруге дайын екенін айтқан. 

 Сhampionat.com хабарлағандай, Giacobbe & Asociados әлеуметтік сауалнамасына сәйкес, Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы болған 35 жастағы футболшыға респонденттердің 43,7% дауыс берді. Оның кандидатурасына азаматтардың 37,8% қарсылық танытыпты. Тағы 17,5% «мүмкін» опциясын таңдаған және респонденттердің тек 1%-ына жауап беру қиынға соқты. Сауалнамаға барлығы 2500 адам қатысып, пікір білдірген.

2022 жылғы Әлем кубогының финалында аргентиналықтар Франция құрамасын жеңді. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша 30 минутта командалар бір реттен доп тепті, ал пенальти сериясында аргентиналық футболшылар - 4: 2 нәтижесін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша Месси ең үздік ойыншы болып танылған.  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары