Malim.kz
Спорт

Аружан Сағындықова Нью-Делидегі жарыста бір күнде екі жеңіске қол жеткізді

Арман Қайыпхан
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жекелей сында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлемдік рейтингте 845-орында тұрған қазақстандық спортшы екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 382-сатыдағы, турнирдің үшінші нөмірлі ракеткасы саналатын жапониялық Саки Имамурамен кездескен. Матчтың алғашқы партиясында Аружан 3:1 есебімен алда келе жатқан кезде қарсыласы ойынды жалғастырудан бас тартты.

Осы нәтижеден кейін Сағындықова ширек финалда әлемдік рейтингте 1182-орында тұрған, 19 жастағы үндістандық Шрути Ахлаватпен кездеседі.

Сонымен қатар, қазақстандық теннисші жұптық сында да табысты ойын көрсетті. Ресейлік Элина Неплиймен тандем құрған Аружан ширек финалда турнирдің төртінші нөмірлі жұбы - үндістандық Вайшнави Адкар мен Сравайа Шивани Чилакалапудиді 6:1, 7:5 есебімен жеңді.

Енді қазақстандық-ресейлік дуэт финал жолдамасы үшін үндістандық Ваидехи Чаудхари мен Зил Десайға қарсы кортқа шығады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары