Malim.kz
Оқиға

"Әскерге сынды айтқан" Ресейлік танымал актер сырттай 8 жылға сотталды

Сабина Асқарқызы
t.me/ostorozhno_novosti

Белгілі актер Артур Смольянинов сырттай 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Ресей армиясы туралы жалған ақпарат таратты деп кінәлі деп танылып отыр. РИА Новости басылымның мәліметінше, актер Ресей Қарулы күштері туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жалпы режимдегі колонияға 8 жылға сотталған.

«Смольянинов Артур Сергеевич кінәлі деп танылып, оған жалпы режимдегі колонияда 8 жыл жаза тағайындалсын», - деп судья үкімді жариялады.

Сонымен қатар, оған 4 жыл мерзімге сайттар мен интернет-парақшаларды басқаруға тыйым салынды.

Еске салсақ, ақпан айында Артур Смольянинов халықаралық іздеуге жарияланған болатын. Сол кезде Ресейдің Тергеу комитеті оның шетелде жүріп онлайн-басылымға берген сұхбатында ресейлік әскери қызметкерлердің әрекеттері туралы көрінеу жалған мәліметтер таратқанын мәлімдеген.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары