Malim.kz
Құқық

Әскери-тергеу басқармасының басшысы парамен ұсталды – ҰҚК

Malim Админ

Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшысының ұсталғанын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.


ҰҚК-тің мәліметінше, әскери-тергеу басқармасы басшысы пара алу күдігіне іліккен.

- Қылмыстық кодекстің 366 бабына сәйкес «пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Фото: Polisia.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары