Malim.kz
Құқық

Астана мектебіндегі буллинг. Қылмыстық іс қозғалды

Malim Админ

10 қыркүйек күні Астанадағы №83 мектеп-гимназиясында бір топ оқушы қатарласына буллинг жасаған. Жағдайды анықталған соң жасөспірімдер мектепішілік есепке алынды. Бұл туралы елордалық полиция департаменті хабарлады.  


Алматы ауданы ПБ басшысы Диас Тоқатовтың айтуынша, оқушыны ұрып-соғуға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Куәгерлердің айтуынша, тұрақты негізде 15 жасөспірім құрдастарын ұрып-соғып, қорқытады.

"Оқиғаға қатыстылар мектепішілік есепке алынды. Педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселе қаралады. Астана Полиция департаменті заңды өкілдерге кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Балалардың мінез-құлқын бақылау қажеттігін еске саламыз", - деді Тоқатов.

Фото: Видеодан кадр  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары