Malim.kz
MALIMet

Астана мен Алматыға жазғы аптап ыстық қайта оралады

Алуа Әшірбекова
Фото: Tengrinews.kz

Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда күн райы жаздағыдай жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, елордада +31, Алматыда +33 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды Malim.kz

Tengrinews.kz мәліметінше, Астанада 8 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +12...+14, күндіз +28...+30 градус болады.

9 қыркүйекте де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр шамасында. Түнде +13...+15, күндіз +29...+31 градус күтіледі.

10 қыркүйекте елордада көшпелі бұлтты, құрғақ ауа райы болады. Оңтүстік-шығыс және оңтүстіктен секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде +15...+17, күндіз +29...+31 градус болады.

Алматыда 8 қыркүйекте жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде +14...+16, күндіз +29...+31 градус болады.

9 қыркүйекте мегаполисте ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +30...+32 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын күтілмейді.

10 қыркүйекте Алматыда күн одан әрі ысып, күндіз +31...+33 градусқа дейін жетеді. Түнгі температура +15...+17 градус шамасында болады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады.

Айта кетейік, Қазақстанның батыс өңірлерінде алдағы күндері жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер күтіледі. Сонымен қатар ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Ал елдің басым бөлігінде жаздағыдай жылы ауа райы сақталады.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары