Malim.kz
Білім-ғылым

Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

Сабина Асқарқызы
Фото: depositphotos.com

27 мамырдан бастап Астанада барлық білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды. Құжаттарды ата-аналар офлайн да, онлайн форматта да тапсыра алады. Қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, онлайн қабылдау жүйесі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Алайда платформада байқалған жекелеген техникалық ақауларға байланысты тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

1-сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:

• ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
• №065/у нысанындағы медициналық анықтама;
• №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
• 3×4 көлеміндегі екі фотосурет.

Айта кетейік, бірінші сыныпқа қабылдау науқаны биыл 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында өтеді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары