Malim.kz
Құқық

Астанада 11 үйді жарықсыз қалдырған кабель ұрылары ұсталды (ВИДЕО)

Мәди Саматұлы

Астана қаласы полиция департаменті электр сымдарын ұрлаумен айналысқан 4 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Елорда полициясының мәлімдеуінше, олар жерасты құдықтарына кәріз люктері арқылы кіріп, түнгі уақытта ұрлық жасаған.

Өткізу орнын тінту барысында 7 қап тазартылған мыс кабель өнімдері және 3 радиостанция табылды. Сондай-ақ, сатып алушыдан электронды және механикалық таразылар тәркіленді, деді Астана қаласы ПД КПБ бастығы Дастан Қалиев.

Оның сөзінше, топ мүшелерінің ұрлықтың 5 дерегіне, оның ішінде трансформаторлық қосалқы станциядан мыс шиналарын ұрлауға қатысы бар екені анықталған. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: видеодан скриншот

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары