Қалалық полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform-ге сілтеме жасап.
Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, 18 жастағы астаналық көпірден секіріп кеткен. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп отыр, — деп хабарлады полиция департаменті.
Қазір полицейлер бұл қайғылы оқиғаның себебін анықтап жатыр.
Еске сала кетсек, биылғы жылдың маусым айында Назарбаев Университетінде студент қыз көз жұмды.
Фото: Sputnik.ru