Астанада күннің суытуына байланысты 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұл туралы Malim.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«2026 жылғы 24 ақпан күні ауа райының суытуына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.