Malim.kz
Оқиға

Астанада автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

Айбын Атабай
instagram.com/police__astana

Астанада автобус апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды. Бұл туралы Астана ПД-ға сілтеп Malim.kz ақпарат агенттігі жазды. 

Қайғылы оқиға 4 желтоқсанда кешке болған. Алдын ала деректер бойынша, микроавтобус жүргізушісі көлікті  басқара алмай, тоқтап тұрған маршруттық автобусқа соғылған.

"Апат салдарынан микроавтобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - делінген Астана ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу жүргізілуде.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары