Malim.kz
Оқиға

Астанада автобус отқа оранды

• Malim Админ

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрт кезінде автобуста жолаушылар болмаған.


Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын оқшаулап, сағат 14:58–де толығымен сөндірген.

— Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Нақтыланған мәліметтер бойынша автобуста жолаушылар болмады. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында 2 техника, 10 адам жұмылдырылды, — деді Астана қаласы ТЖД Асқар Забикулин атындағы 6-МӨСБ бастығы Нұрсултан Ошақбаев.

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады.

Фото: Видеодан скриншот  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары