Екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы хабарлады.
Ауа райының нашарлауына байланысты 2026 жылдың 12 қаңтарында екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшеді, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін 12 қаңтарда елдің барлық аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған едік.