Malim.kz
Денсаулық

Астанада бір донордың ағзалары үш науқасқа өмір сыйлады

Мадияр Қапанбек
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Астанада бір донордың ағзалары үш науқасқа трансплантацияланып, оларға өмірін жалғастыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, донорлық процесс барысында жүрек, өкпе және бауыр алынған. Кейін бұл ағзалар трансплантация кезегінде тұрған пациенттерге салынды.

Министрлік донордың туыстарына көрсеткен батылдығы мен адамгершілігі үшін алғыс білдірді.

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі 132 донор анықталып, 205 трансплантация жасалған.

Ал 2025 жылы елде 18 донорлық процесс жүргізілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Сол жылы 68 трансплантация жасалған. Салыстыру үшін, 2023 жылы 19 ағза, ал 2024 жылы 23 ағза трансплантацияланған.

2026 жылғы 11 қыркүйектегі дерек бойынша, 13 мультиағзалық донорлық процесс жүргізіліп, қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 42 трансплантация жасалған. Олардың ішінде 14 бүйрек, 9 бауыр, 11 жүрек, 4 өкпе және 4 мөлдір қабық трансплантациясы бар.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары