Астанадағы №9 "Зерде" мектебін биыл тәмамдаған 65 түлектің барлығы жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, мектептің 42 түлегі мемлекеттік білім грантына ие болған. Тағы 9 оқушы Назарбаев Университетіне оқуға түсті.
Сонымен қатар 14 түлек әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының ТОП-50 қатарына кіретін шетелдік университеттерден тегін білім алу мүмкіндігін иеленген.
Осылайша, аталған мектеп түлектерінің грантқа түсу көрсеткіші 100 пайызды құрады.
Мектеп ұжымының пікірінше, мұндай нәтиже оқушылардың жүйелі дайындығы мен мұғалімдердің кәсіби еңбегінің арқасында мүмкін болған.