Malim.kz
Оқиға

Астанада дәмхана асынан он адам уланды

Malim Админ

Әлеуметтік желіде елордадағы «Көктем» дәмханасында ас ішкеннен кейін өзін жайсыз сезінгені жайлы жазбалар тарады. Істің мән-жайын елорданың денсаулық сақтау басқармасы түсіндірді.

 Қалалық инфекциялық орталығының қабылдау бөліміне астан уланған жедел гастроэнтерит диагнозымен 10 науқас жүгінді. Оның ішінде 9 науқас қажетті тексерулер мен медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жатқызылды, 1 науқас ауруханаға жатудан бас тартып, амбулаториялық емдеу бойынша тиісті ұсыныстар алып, үйіне жіберілді, — деген жауап алдық басқармадан.

Қазір пациенттердің жағдайы — орташа ауыр қалыпта.

Олар мамандардың бақылауында, тиісті ем алып жатыр, — делінген бізге келген хабарламада.

Фото: astanatv.kz  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары