Malim.kz
Оқиға

Астанада екі баланы көлік қағып кетті

Айбын Атабай
видеодан скриншот

Астанадағы мектептердің бірінің маңында жеңіл көлік кәмелетке толмаған екі баланы қағып кетті. Оқиғаның мән-жайын қалалық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға туралы қала тұрғыны редакцияға хабарлаған. Куәгердің айтуынша, Қалдаяқов көшесінде көлік екі баланы соққан.

Ол бұл учаскедегі бағдаршамның жуырда ғана орнатылғанын, оның бір жолаққа есептелгенін, алайда көліктер екі бағытта жүре беретінін айтқан. Себебі көшедегі жол құрылысы толық аяқталмаған.

Полицияның алдын ала дерегінше, балалар жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Дәрігерлер қарап-тексергеннен кейін олар үйіне жіберілген. Қазір тексеріс басталды.

Полиция өкілдері бұл аумақта құрылыс жұмыстары әлі аяқталмағанын атап өтіп, қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданғанын хабарлады.

"Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және мектепке жақын орналасуын ескере отырып, бұл учаскеге "Балалар" жол белгілері қойылды, жылдамдық 40 км/сағ дейін шектелді, сондай-ақ, бағдаршамның қайталама белгілері орнатылды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары