Malim.kz
Оқиға

Астанада екіге толмаған баланы көлік қағып, көз жұмды

• Айбын Атабай
видеодан скриншот

Астанада тұрғын үй ауласында көлік қағып кеткен кішкентай бала қаза тапты. Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы оқиға 3 мамырда Иманов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Бала 1 жас 8 айлық болған

"Kia Seltos маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікпен қозғалып келе жатып, жолға жүгіріп шыққан кішкентай баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады елордалық полицияның баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары