Malim.kz
Құқық

Астанада ер адамнан 12 мыңнан астам доза есірткі табылды (ВИДЕО)

Айбын Атабай
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласында полция қызметкерлері 40 жастағы тұрғынды есірткімен ұстады. Күдікті Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің «қоймасы» қызметін атқарған, деп хабарлайды Malim.kz.

Тінту барысында, сондай-ақ бұрын жабдықталған жасырын орындарды тексеру кезінде орау материалдары, zip-lock пакеттері және төрт килограмнан астам синтетикалық есірткілер – α-PVP мен мефедрон тәркіленді.

Бұл елорда аумағында таралуына жол берілмеген 12 мыңнан астам бір реттік доза. Заңсыз айналымнан алынған әрбір есірткі партиясы – алдын алынған қылмыстар, аман сақталған адамдардың өмірі.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі есірткіні жеткізу, сақтау және тарату арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары