Malim.kz
Оқиға

Астанада көлік жарылып, бірнеше адам зардап шекті

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Астанада жеңіл автокөлік өртеніп, салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Сарайшық ауданындағы Қ. Аманжолов көшесінде жолдың жүріс бөлігінде болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел жеткен.

Куәгерлердің алдын ала мәліметіне сәйкес, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасының жарылысы болып, артынша өрт шыққан. Оқиға салдарынан маңайда тұрған бірнеше автокөлікке де зақым келген.

Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар қаладағы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары