Астанада курьер клиенттің iPhone16 Pro ұялы телефонын сатып жіберген. Бұл туралы "Qazaqstan" телеарнасына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 32 жастағы күдікті ұсталды.
«Елорда тұрғыны ұлына сыйлық ретінде телефон алып, оны жеткізіп беру үшін такси жүргізушісіне сеніп тапсырған. Алайда күдікті телефон қорабын ашып, құрылғыны өз пайдасына жаратып, басқа адамға сатып жіберген», - делінген ІІМ хабарламасында.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Фото: Pixabay.com