Malim.kz
Құқық

Астанада LED экранда Украина туы көрсетілді: ІІМ мұны қылмыс санады

Malim Админ

Кеше «Керуен Медиа» ЖШС-ға қатысты оқиға бойынша Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мүмкін нұсқалары, соның ішінде техникалық ақаулар, сондай-ақ компания жабдықтарының жұмыс істеу процестері, құрылғының жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.  Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады, – делінген хабарламада", - делінген хабарламада.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мәліметінше, шабуыл прокси-серверлерді қолдана отырып, шетелдік IP-мекенжайлардан жасалған. Бұл ретте компания әсер ету көзін және пайда болу тетігін айқындау бойынша техникалық іс-шаралар кешенін жүргізетінін мәлімдеді.

Фото: Видеодан скриншот  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары