Астана қаласында ірі өрт кезінде құтқарушылар бір баланы аман алып шықты. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ведомство мәліметінше, өрт бір мезетте екі нысанды шарпыған. Атап айтқанда, екі қабатты тұрғын емес ғимараттың шатыры мен екінші қабаты, сондай-ақ оған жапсарлас орналасқан екі қабатты тұрғын коттедждің шатыры жанған.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан коттедждің ішінен баланы дер кезінде тауып, қауіпсіз жерге шығарды. Сонымен қатар мамандар өрт аумағынан екі газ баллонын алып шығып, ықтимал жарылыстың алдын алған.
Тілсіз жау 900 шаршы метр аумақты қамтып, кейін толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.