Malim.kz
Оқиға

Астанада ота жасатпақ болған полковник көз жұмды

Айбын Атабай
Pixabay

Астанадағы жекеменшік клиникалардың бірінде жоспарлы отаға дайындалып жатқан 51 жастағы запастағы полковник көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz Aiqyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Марқұмның туыстары оқиғаның жан-жақты әрі әділ тергелуін талап етіп отыр.

Марқұмның қызының айтуынша, әкесі мұрын қалқасын түзету және апноэны емдеуге арналған операцияға дайындалған. Алайда ота басталмай тұрып, көктамыр арқылы дәрі енгізілгеннен кейін оның жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтап қалған.

Науқас шұғыл түрде Астанадағы №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізіліп, алты күн бойы комада жатқан. Дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге ми ісінуі себеп болған.

Марқұмның жақындары енгізілген препараттың тексерілуін және медицина қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға берілуін талап етуде. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары