Malim.kz
Құқық

Астанада полицейге оқ атылған. ІІМ түсініктеме берді

Айбын Атабай
AP Photo / Bikas Das

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов елорда көшесінде оқ ату дерегіне қатысты түсінік берді.

Айта кетейік, өткен аптада көшеге аңшы мылтығымен шыққан адамды ұстау кезінде полицей жараланғаны мәлім болды. 

- Полицей көшеде қарумен жүрген адамды көріп, оны құрықтауға әрекет еткен. Алайда күдікті оның арқа тұсына оқ атқан. Қазір біздің қызметкер емделіп жатыр, алғашқы күндері ол реанимацияда болды. Қылмыскерді құрықтағаннан кейін, сол жерге өзге де полицейлер барды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды, - деді С. Әділов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда бұл оқиға қаланың орталық аудандарының бірінде болғанын айтты. Сол кезде полицей қызметінен тыс уақытта сол төңіректен өтіп бара жатқан.

- Біздің қызметкер сол кезде көлігімен жүріп бара жатқан. Мылтық ұстаған адамды көргеннен кейін тоқтап, оны ұстауға әрекет етті, - деп нақтылады министрдің орынбасары.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары