Құтқарушылар жарылыс қаупінің алдын алып үлгерді, деп хабарлайды Malim.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Астанада 112 пультіне Сарыарқа ауданындағы Жаяу Мұса көшесінде орналасқан бір қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың және одан да ауыр салдардың алдын алды. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Бұл ретте ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертіп отыр.