Malim.kz
Спорт

Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтеді

Арман Қайыпхан
Фото: ҰОК

Астанада велотректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жарыс жастар үшін Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу кезеңі болса, тәжірибелі спортшылар үшін 2026 жылғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды бөлігі.

Чемпионат 27-31 шілде аралығында өтеді. Жарысты елордадағы "Сарыарқа" велотрегі қабылдайды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары