Malim.kz
Оқиға

Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

Сұлу Бөлек

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкері өлі табылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

"21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Полиция органдары соталды тергеп-тексеруді бастады", - деп жазылған хабарламада.

Комитет мәліметінше, болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Астана Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы ер адам пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: ОКҚ

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары