Malim.kz
Оқиға

Астанада жантүршігерлік оқиға болды

Арман Қайыпхан

Ер адам әйелін ұрып-соғып кейін, көпқабатты үйдің жоғары қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция дерегінше, ерлі-зайыптылар басында ұрысып қалған, жанжал кезінде ер адам әйелін ұрып тастаған.

«Биыл 1 қазанда сағат 23:36-да полицияға жолда ер адамның табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылардың арасында жанжал болып, оның барысында ер адам әйелге дене жарақатын салып, кейін тұрғын үйдің 10-қабатынан секіргенін анықтады. Жәбірленуші әйел ауруханада жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді ПД.

Фото: istockphoto.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары