Malim.kz
Спорт

Астанадағы Grand Slam турнирінде Қазақстан 9 медаль жеңіп алды

Арман Қайыпхан

Астанада дзюдодан өткен халықаралық Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл дүбірлі дода — әлем чемпионаты алдындағы шешуші кезең болды.

Қазақстан құрамасы рекордтық нәтиже көрсетіп, 9 жүлде жеңіп алды.

Күміс жүлде иегерлері:

• Гусман Қырғызбаев (–66 кг)

• Талғат Орынбасар (–60 кг)

• Ерасыл Қажыбаев (+100 кг

Қола жүлдегерлер:

• Мәжжан Шамшадин

• Аман Бақытжан

• Абылайхан Жұбаназар

• Есет Қуанов

• Бақжан Байтас

• Марат Байқамұров

Турнир — алдағы әлем чемпионатының алдында өткізілген маңызды сынақ болды. Қазақстан әлемдік дзюдо элитасымен тең дәрежеде бақ таластыра алатынын дәлелдеді.

Фото: Ақорда

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары