Malim.kz
Оқиға

Астанадағы концертте балалардың бірі апаттық батырманы кездейсоқ басып жіберген

Сабина Асқарқызы
Бейнежазбадан скриншот

Еліміздің мемлекеттік күзет қызметі Астанадағы концерт кезінде болған брондалған техникаға қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

7 мамыр күні Астана қаласында Отан қорғаушылар күніне арналған плац-концерт өтті. «Қазақ елі» алаңында еліміздің мемлекеттік органдарының үздік саптық топтары мен әскери оркестрлері өнер көрсетті. Сонымен қатар қонақтарға әскери техника мен қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылған.

Кейін әлеуметтік желілерде шара барысында брондалған көліктің істен шыққаны туралы ақпарат тарады.

Осы жағдайға байланысты Мемлекеттік күзет қызметі Instagram парақшасында ресми мәлімдеме жасады.

«Бейнематериалдағы жағдай бұл техниканың өрт қауіпсіздігі жүйесінің іске қосылуынан болған. «Алан» БДМ ішінде болған балалардың бірінің авариялық өрт сөндіру жүйесін іске қосатын тетікті байқаусызда басып қалуы электр сымы мен қозғалтқыш агрегаттарын тұтанып кетуден қорғайтын капотасты өрт сөндіру жүйесін штаттық режимде іске қосып жіберген. Бұл жүйе автономды жұмыс істейді және техниканың энергиямен қамтамасыз ету жүйесі ажыратылған жағдайда да іске қосыла береді.
Өрт сөндіргіш құрамның шашырауы - техника ақауының белгісі емес», – деп түсіндірді ведомство.

Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, соның нәтижесінде капот астындағы өрт сөндіру жүйесі қалыпты режимде іске қосылған. Бұл жүйе қозғалтқыш пен электр сымдарын өрттен қорғауға арналған.

Сондай-ақ жүйе техниканың қуат көзі өшірілген жағдайда да автоматты түрде жұмыс істей алатыны атап өтілді.

«Өрт сөндіру затының шашырауы техниканың ақауын білдірмейді», - деп мәлімдеді ведомство.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары