Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушілер Астанадағы 21 қабатты тұрғын үйде шыққан өртті толық сөндірді, деп хабарлайды.
Оқиға Сарайшық ауданындағы Т. Жүргенов көшесінде орналасқан үйде болған. Алғашқы бөлімшелер келген кезде кіреберісті қалың түтін басқаны анықталды. Тұрғындар өздігінен эвакуацияланған. Нақтыланған мәліметке сәйкес, өрт 6-қабатта лифтінің ағаш қаптамасы мен электр кабелінің жануынан шыққан. Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыған, — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.