Malim.kz
Оқиға

Астанадағы тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Айбын Атабай
видеодан скрин

Астана қаласындағы Уәлиханов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шыққаны туралы куәгерлер хабарлауда. Оқиғаға байланысты ТЖМ баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Қала тұрғындарының айтуынша, бірнеше балкон өртенген.

ТЖМ не дейді?

Жағдайға байланысты түсініктемені Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі берді.

«Бүгін Астанадағы Уәлиханов көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйде өрт шықты: алтыншы қабаттағы балкон жанып, кейін өрт жетінші қабаттың және ішінара сегізінші қабаттың балкондарына таралған», — деп хабарлады ведомство.

ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрттің пәтерлердің ішіне таралуына жол берілмеді. Өрт жедел түрде оқшауланып, толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары