Malim.kz
Экономика

Астананы су тасқынынан қорғау бюджетке қосымша шығын әкелетіні белгілі болды

Айбын Атабай
Фото: Malim.kz

Астанада кезекті нөсерден кейін көшелерді су басуына қатысты өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Олжас Сапарбековтің айтуынша, мұндай қатты жауын-шашын сирек жауады. Сондықтан тек осындай жағдайларға арнап қымбат инженерлік жүйе салу бюджетке айтарлықтай салмақ түсіреді.

"Табиғи апаттардың алдын алу үшін ауқымды қаржы жұмсау қажет болады. Бұл мемлекеттік бюджетке қосымша шығын әкеледі. Сондықтан мұндай жобалардың қажеттілігі жан-жақты бағаланып, талданып, сараптамадан өтуі тиіс", – деді вице-министр.

Ол табиғи құбылыстарды толық бақылау мүмкін еместігін айтып, кей кездері жауын-шашын мөлшері қалыпты нормадан әлдеқайда көп түсетінін жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, бірқатар көшені су басып қалғанын жазған болатынбыз.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары