Malim.kz
Білім-ғылым

Астротуризмнің астанасына айналды

Айгүл Таңатар
https://astrovert.ru

Биыл 12 тамызда болатын толық Күн тұтылуы болатыны туралы бүгін жазып едік. Осынау оқиға Испанияны әлемдегі ең танымал астротуризм бағыттарының біріне айналдырмақ. Бұл – Пиреней түбегінен 114 жылдан кейін алғаш рет толық Күн тұтылуының көрінуі.

Сирек құбылысты тамашалау үшін Испанияға мыңдаған турист, әуесқой астрономдар мен фотографтар келгелі жатыр. Яғни, бұл күн елдің туризм саласы үшін ерекше маңызға ие болады деген сөз.
Күн тұтылуының толық фазасы Испанияның солтүстігінен шығысына дейінгі аумақты кесіп өтеді. Галисия, Астурия, Баск елі, Сарагоса, Валенсия және Балеар аралдарының кейбір бөліктері бұл құбылысты толық бақылай алатын негізгі нүктелердің қатарында. Испания үкіметі халықаралық БАҚ үшін арнайы бақылау алаңдарын әзірлеп, ресми бақылау орталығы ретінде Гвадалахара провинциясындағы Йебес обсерваториясын таңдады. Бұл жерде Еуропа ғарыш агенттігінің мамандары мен испандық ғарышкерлердің қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылады.
Астрономдардың айтуынша, Испания алдағы үш жылда ерекше кезеңді бастан өткереді.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары