Malim.kz
Саясат

Атамбаев түрмеде ауыр хәлде жатыр

Malim Админ

Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмасбек АТАМБАЕВҚА медициналық көмек керек. Бұл жайлы адвокаты Замир ЖООШЕВ хабарлады, деп жазды 24.kg сайты.

Адвокаттың айтуынша, Атамбаев инфаркт жағдайында және басқа да аурулары хәлін нашарлатқан. Алайда сот-медициналық экспертиза бір айдан бері қортынды шығармай жатыр. Жоошаев барлық тиісті медициналық анықтамаларды сотқа өткізген.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның төртінші президентіне қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалып, және Кой-Таштағы тәртіпсіздікке байланысты да айып тағылған.

Фото: for.kg

 

 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары