Malim.kz
Спорт

Атбасарда «Дала Қырандары» қозғалысына іріктеу өтті

Ереке Базарқұл
ФОТО: © yandex.kz

Атбасар қаласында «Дала Қырандары» қозғалысына қосылуға ниетті жастар мен қызметкерлер арасында дене даярлығы бойынша нормативтер қабылданды.

Сынақтар барысында қатысушылардың физикалық дайындығымен қатар, төзімділігі мен мінез-құлқы да бағаланды.

ФОТО: © Дала қырандары

Іріктеу кезеңінде үміткерлер 3000 метрге жүгіру және Купер тестінен өтті. Купер тесті аясында секіру, қолды бүгіп-жазу және іш бұлшықеттеріне арналған «кітапша» жаттығуы орындалды. Нәтижелер қатысушылардың жас және салмақ санатына сәйкес есептеліп, ресми хаттамаға енгізілді.

Шара басталар алдында барлық қатысушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық беріліп, жалпы қыздыру жаттығулары өткізілді. Сынақ кезінде командалық қолдау айқын сезілді: тәжірибелі «қырандар» жаңадан келгендерге бағыт-бағдар беріп, жігерлендіріп отырды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін медицина қызметкерлері кезекшілік атқарды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, нормативтерді тапсыру – қырандық жолдың алғашқы әрі маңызды кезеңі. Мұнда тек күш пен жылдамдық қана емес, тәртіп, жауапкершілік және өзін-өзі дамытуға деген дайындық та ескеріледі.

ФОТО: © Дала қырандары

Жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар келесі кезеңге – емтихан мен сұхбатқа жолдама алды.

Ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, олар үшін «физикалық көрсеткіштермен қатар, адамдық қасиет те маңызды. Нағыз қыран – мінезі берік, тәртіпті және сенімге лайық тұлға».

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары