Malim.kz
Спорт

ATP Challenger турнирі: Қазақстан теннисшілері жүлдеден тыс қалды

Сабина Асқарқызы
ҚТФ

Шымкентте екінші апта қатарынан өтіп жатқан ATP Challenger 50 сериясындағы турнирдің жұптық сыны мәресіне жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Финалдық кездесуде хорватиялық Адмир Календер мен Мили Поличак жұбы жеңіске жетті. Олар тартысты өткен шешуші матчта Виктор Дурасович (Норвегия) пен Кай Венельт (Германия) дуэтінен 6:2, 6:7, 10:5 есебімен басым түсті.

3 мамырда жекелей сынның чемпионы анықталады. Бас жүлде үшін үндістандық Манас Манодж Дхамне (№444 ATP) мен Бельгия өкілі Бувайсар Гадамаури (№357 ATP) бақ сынайды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисшілер өз еліндегі доданы ерте кезеңдерде аяқтаған болатын. Отандастарымыздың арасынан соңғы болып Денис Евсеев жекелей сында, ал Григорий Ломакин жұптық сында жарыс жолынан шығып қалды.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары