Malim.kz
Құқық

Атпен сүйреп өлтірген. Прокурор Айзат Жұманованың күйеуін 15 жылға соттауды сұрады

Айбын Атабай
Айгерім Көппаева/Kazinform

Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот отырысы Жетісу облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жалғасты. Тараптар бүгін қорытынды сөзін айтады, деп жазды kazinform.kz.

 Прокурор Нұржан Билибеков айыптау актісін оқып, былай деді:

- ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Айбар Жанболатты орташа қауіпсіздіктегі түзеу колониясында 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Сондай-ақ, сотталушының сотқа дейінгі қамауда ұстау шарасын күшінде қалдыруды сұраймын. Қылмыстық кодекстің 98-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сотталушы жәбірленушілерге ең төменгі айлық жалақының 30 есесі (117 060 теңге) көлемінде өтемақы төлеуге және сот-медициналық сараптама шығындарын мемлекетке 690 329 теңге көлемінде өтеуге міндеттелді. 

 Қайғылы оқиға 2025 жылы маусымның 21-інен 22-сіне қараған түні Ақсу ауданының Баласаз ауылында болды. Айзат Жұманова тұрмыстық жанжал кезінде күйеуінің ұрып-соғуынан қайтыс болды. 

Естеріңізге сала кетейік, сот Айзат Жұманованың өлімі туралы істің онлайн трансляциясына рұқсат бермеді. 

Сот отырысында жаңа мәліметтер анықталды.

Бұған дейін марқұмның анасынан жауап алынған болатын.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары