Malim.kz
Саясат

Атырау әкімі қызметінен кетті

Алуа Әшірбекова
Фото: tengrinewskz

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Tengrinewskz мәліметінше, соңғы уақытта ол көпшілік алдына сирек шығып жүрген. Қала әкімдігінің мәліметінше, әкімнің жоқ болуы денсаулығына байланысты болған. Осы аралықта шаһар басшысының міндетін әкім орынбасары Тілек Махов атқарған.

Кейін Тілек Махов қылмыстық іс бойынша фигурант атанды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады, алайда істің мән-жайын ашып айтпады.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары мен Telegram-арналарда шенеуніктің пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары