Malim.kz
Оқиға

Атырау облысында төрт тұрғын іздестіріліп жатыр

Айбын Атабай

25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына Атырау қаласының тұрғыны ағасы мен өз отбасының бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен жүгінген.
 

Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылының тұрғындары қараша айында өз үйлерінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

Олардың жүрген жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдауда. Басқа өңірлердің полиция қызметкерлері де бағдарланды.

- Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ерлі-зайыптылар мен олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы елдің оңтүстік өңірлеріне бағыт алуы мүмкін.

Аталған азаматтардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болған барлық азаматтардан құқық қорғау органдарының 98-20-78, 98-20-88, +7 701 304 00 12 телефон нөмірлеріне хабарласу сұралады, - делінген ақпаратта.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары