Кеше шамамен сағат 13:40-та Атырау облысы Томарлы ауылында үш адам газдан уланып, қаза тапты, - деп жазды Aikyn.kz.
Үш адамның өліміне табиғи газбен жұмыс істеген жылыту пешінде тартудың болмауы себеп деп болжанып отыр.
“Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлады Іnbusiness.kz.