Malim.kz
Оқиға

Атырау облысындағы шенеуніктің қазасына қатысты әкімдік мәлімдеме жасады

Арман Қайыпхан
Фото: istockphoto.com

Өткен демалыс күндері Атырау облысы Құрманғазы аудандық әкімдігінің қызметкері өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған еді. Бүгін әкімдік осы қайғылы жағдайда байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті AtyrauTODAY ақпарат агенттігі хабарлағандай, әкімдік марқұмның отбасына көңіл айтқан.

«Құрманғазы ауданы әкімдігінің ұжымы Қуаныш Имашевтің мезгілсіз өмірден озғанын қайғыра хабарлайды. Осыған байланысты, оның жақындары мен туған-туысына қайғыра көңіл айтамыз. Қазір оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр», - деп хабарлаған әкімдік ұжымы.

Осы мәлімдемесінде әкімдік сондай-ақ әлі расталмаған ақпаратты таратудың жөнсіздігін де айтады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары